Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
📢 “Қауіпсіз қадам” челленджі бастау алды!
Жол қауіпсіздігі – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі.
Осы мақсатта мектебімізде “Қауіпсіз қадам” атты ерекше челлендж ұйымдастырылды.
🎯 Челлендждің негізгі мақсаты – балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы ойлау мәдениетін қалыптастыру, әрбір дұрыс қадамның маңызын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
🚸 Челлендж оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жолда абай болудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Қатысушылар өздерінің белсенділіктері мен шығармашылықтарын танытып, қауіпсіздік мәдениетін насихаттауға үлес қосты.
🤝 Біз қауіпсіздік идеясын қолдаймыз және челленджді
КММ «№29 жалпы білім беретін мектепке» жолдаймыз!