Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
index_mainposter.jpg?_=1755253471

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 Біз оқушыларымызға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетеміз

Мектеп туралы

Жаңалықтар

14.04.2026

📢 “Қауіпсіз қадам” челленджі бастау алды!

“Қауіпсіз қадам” челленджі бастау алды! Жол қауіпсіздігі – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Осы мақсатта мектебімізде “Қауіпсіз қадам” атты ерекше челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің негізгі мақсаты – балалардың жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы ойлау мәдениетін қалыптастыру, әрбір дұрыс қадамның маңызын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету. Челлендж оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жолда абай болудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды. Қатысушылар өздерінің белсенділіктері мен шығармашылықтарын танытып, қауіпсіздік мәдениетін насихаттауға үлес қосты. Біз қауіпсіздік идеясын қолдаймыз және челленджді КММ «№29 жалпы білім беретін мектепке» жолдаймыз!
12.04.2026

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 11 сәуір күні мектебімізде аумақты абаттандыру және көгалдандыру мақсатында сенбілік өткізілді.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 11 сәуір күні мектебімізде аумақты абаттандыру және көгалдандыру мақсатында сенбілік өткізілді. Мектеп қызметкерлері бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты: мектеп ауласы тазартылып, қоқыстар жиналды, жасыл аймақтар ретке келтіріліп, жаңартылды. Әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен қамқорлық танытты. Сенбілік ұжымның ауызбіршілігін көрсетіп, табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналды.
11.04.2026

📢 Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына!

Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына! 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. Маңызды мерзімдер мен ережелерді сақтап қойыңыздар: СҚО бойынша қабылдау мерзімі: 29 маусым мен 31 тамыз аралығы. Жас ерекшелігі: : 2026 жылы 6 жасқа толған немесе толатын балалар. Құжаттарды қалай тапсыруға болады? Онлайн — egov.kz порталы арқылы (тәулік бойы). Оффлайн — мектеп кеңсесі (канцелярия) арқылы (дс-жм). Қажетті құжаттар: Медициналық анықтамалар (№065-у және №052-2/у нысандары). Баланың 3х4 см көлеміндегі фотосы (2 дана). Біздің мекенжайымыз: Алтын Дала көшесі, 9А. Сұрақтар туындаса, мына нөмірге хабарласыңыз: 8 (7152) 32-03-37. Болашақ оқушыларымызды асыға күтеміз!
Список пуст

Директордың блогы

logo_director.jpg?_=1729055154
ЖАКАНОВА ГУЛЬЖАН ШАМИЛЕВНА Блогқа өтіңіз

Мектеп туралы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған біздің мектеп өз жұмысын 2024 жылдың қараша айынан бастады.
Мектепте 2 спорт зал, оқу залы, акт залы, хореография залы, көпфункционалды спорт алаңы бар.  Пәндік кабинеттер заманауи жиһаздармен, қажетті жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған.  Зертханалары бар химия, биология, физика кабинеттері, сондай-ақ Steam-зертхана және робототехника кабинеттері жұмыс істейді.
Біздің мектептің миссиясы – әрбір оқушы өзін сенімді сезінетін, ерекше ықыласпен оқитын және сапалы білім алатын қауіпсіз білім беру кеңістігін құру. Табысқа жету жолыңыз басталатын жерге қош келдіңіз!

Мектеп әкімшілігі

Ярышева Татьяна Игоревна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ажданова Роза Маратовна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Накенова Зура Болатовна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Біздің серіктестер

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Управление образования г. Астана
Комитет по охране прав детей
ННПЦ КП г. Алматы