Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Солтүстік Қазақстан облысының колледждері:
Гуманитарлық-техникалық колледж 
«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ 
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж 
Солтүстіқ Қазақстан кәсіптік-педагогикалық коледжі  
«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК 
«Петропавл құрылыс-экономикалық колледж» КМҚК 
«Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК 
«Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС  





2025 жылғы 14 қаңтарда Петропавл көлік және машина жасау колледжінің өкілдері 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Оқу орнының өкілдері даярлық бағыттары, қабылдау шарттары, оқу бағдарламалары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтты. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, осы колледжде оқудың артықшылықтары мен түлектерге арналған болашақтары туралы білді. Сонымен қатар, колледж өкілдері 9-сыныптағы ата-аналар жиналысына қатысып, олардың сұрақтарына жауап берді.



26 ақпан күні 9-сынып оқушылары «Мамандықтар жылы» аясында облыстық Г.Мусрепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен «Профнавигатор» кәсіптік бағдар беру шарасына қатысып, «Қазіргі уақыттағы мамандықтар» тақырыбында өткізілген іс-шараға қатысты. 

Бұл шараның мақсаты – оқушыларды өзекті мамандықтармен таныстыру, облысымыздағы оқу орындары туралы көп мәлімет алуға мүмкіндік беру болды. Оқушылар колледждерде алуға болатын жұмысшы мамандықтары туралы көбірек білді. 

Олар колледж өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қоя білді. Іс-шараны ұйымдастырғандарға алғыс білдіреміз. Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі.




18 наурызда 9 сынып оқушылары «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК ұйымдастырған JuniorSkills байқауына белсенді қатысты. Конкурстың мақсаты кәсіптер туралы білімді арттыру, оқушылардың бастапқы кәсіби дағдыларын қалыптастыру, кәсіби анықтауға көмектесу. Біздің мектептің оқушылары келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді: электр Монтаждау жұмыстары, жеңіл автомобильдерді жөндеу және пайдалану. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз:
Голубева Мария, 9 сынып, 3 дәрежелі диплом
Фомин Вадим, 10 б сынып, 1 дәрежелі диплом.
Соловьев Иван, 9В, 1 дәрежелі диплом.
Озов Имран, 9В, 2 дәрежелі диплом.
Барлық қатысушылар жарқын эмоциялар мен жаңа қызықты тәжірибе алды.
Іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ЖСККПК-ға алғыс айтамыз. Алынған тәжірибе студенттерге саналы кәсіби таңдау жасауға көмектеседі
#жұмысшымамандықтары

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында тағы бір мәрте еске салғымыз келеді: баланы қорғау ақпараттандырудан басталады.14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге 36 сағаттан артық емес уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірақ жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі және жасөспірімге шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Сондай-ақ жұмыс жасау үшін ата-анаңның рұқсаты мен келісімінің болуы міндетті.
Еңбек заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта – сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін жұмыс істеуге, қосымша жүктемемен еңбек етуге, сондай-ақ қауіпті әрі зиянды жағдайларда жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады.