Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
index_mainposter.jpg?_=1755253471

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» КММ

 Біз оқушыларымызға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетеміз

Мектеп туралы

Жаңалықтар

09.10.2025

«Салауатты ұрпақ – ел болашағы»

«Салауатты ұрпақ – ел болашағы» Мектебімізде денсаулықты нығайтуға бағытталған массалық таңғы жаттығу өтті! Оқушылар белсенділік танытып, дене шынықтырудың маңызын тағы бір дәлелдеді. Шара мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың физикалық дамуына қолдау көрсету. Белсенділік – табысты күннің бастауы!
09.10.2025

Сіздерді мектеп кітапханасында өтетін «Шын жүректен кітап сыйла» атты игі акцияға қатысуға шақырамыз.

Құрметті әріптестер! Сіздерді мектеп кітапханасында өтетін «Шын жүректен кітап сыйла» атты игі акцияға қатысуға шақырамыз. Кітап — ұрпақтан ұрпаққа жететін асыл қазына, білім мен даналықтың қайнар көзі. Өз сүйікті кітаптарыңызды сыйлап, өзгеге шабыт пен қуаныш сыйлаңыз! Кітаптарды 2025 жылдың 17 қазанына дейін мектеп кітапханасына тапсыруға болады. Сыйға тартылатын кітаптар 2000 жылдан кейін жарық көрген болуы тиіс. Кітап сыйлаңыз — даналық сыйлаңыз!
07.10.2025

Бүгін мектебімізде футзалдан іріктеу жарысы өтті!

Бүгін мектебімізде футзалдан іріктеу жарысы өтті! Жарыс Қалалық мектеп лигасының аймақтық кезеңіне жолдама алу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл сайысқа қаламыздың 7 мектебі қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Оқушылар шынайы шеберлік, ұйымшылдық пен спорттық рух танытты. Жарыстың басты мақсаты – мектеп спорты мен салауатты өмір салтын дамыту, жасөспірімдерге көбірек жарыс тәжірибесін сыйлау. ⠀ Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңіске жеткен командаларға – алдағы аймақтық кезеңде сәттілік тілейміз!
Список пуст

Директордың блогы

logo_director.jpg?_=1729055154
ЖАКАНОВА ГУЛЬЖАН ШАМИЛЕВНА Блогқа өтіңіз

Мектеп туралы

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған біздің мектеп өз жұмысын 2024 жылдың қараша айынан бастады.
Мектепте 2 спорт зал, оқу залы, акт залы, хореография залы, көпфункционалды спорт алаңы бар.  Пәндік кабинеттер заманауи жиһаздармен, қажетті жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған.  Зертханалары бар химия, биология, физика кабинеттері, сондай-ақ Steam-зертхана және робототехника кабинеттері жұмыс істейді.
Біздің мектептің миссиясы – әрбір оқушы өзін сенімді сезінетін, ерекше ықыласпен оқитын және сапалы білім алатын қауіпсіз білім беру кеңістігін құру. Табысқа жету жолыңыз басталатын жерге қош келдіңіз!

Мектеп әкімшілігі

Ярышева Татьяна Игоревна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ажданова Роза Маратовна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Накенова Зура Болатовна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Біздің серіктестер

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Управление образования г. Астана
Комитет по охране прав детей
ННПЦ КП г. Алматы